ЖУРНАЛ ЕРЕЖЕСІ

«ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНА ҚАБЫЛДАНАТЫН ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. ӘОЖ (УДК) – әмбебап ондық жіктегіш индексі және Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттық рубрикатор коды (МҒТАР);
  2. Авторлардың аты-жөні мәтіннің жоғарғы жағына беріледі және автордың жұмыс орны аффилиациямен көрсетіледі.

– Авторлар туралы толық мәліметтер 4 тілде (қазақ, орыс, түрік және ағылшын: аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызмет орны, мекен-жайы, ұялы телефоны, е-mail-ы) қосымша бетте көрсетіледі;

– Автордың аты-жөні 4 тілде (қазақ, орыс және ағылшын, түрік).

  1. Мақаланың тақырыбы 4 тілде (қазақ, орыс және ағылшын, түрік).
  2. Түйіндеме (аннотация) 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын), кемінде 5-6 сөйлемнен тұруы керек. Егер мақала түрік тілінде болса, онда 4 тілде.
  3. Кілт сөздер 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын, кемінде 7-8 сөзден тұруы керек). Егер мақала түрік тілінде болса, онда 4 тілде.
  4. Мақала мәтіні. Негізгі мәтін мақаланың мақсаты, міндеттері, қарастырылып отырған сұрақтың тарихы, зерттеу әдістері, нәтижелерін талқылау, қорытынды бөлімдерін қамту қажет.
  5. Әдебиеттер тізімі өз жазылған тілінде және латынша әріптермен транслитерация жасалып жазылады (References). Мақалада кемінде 10 әдебиет пайдаланылуы тиіс және олар соңғы 5 жылдың көлемінде басылып шыққан әдебиеттер болуы керек.
  6. Ғылыми мақаланың оңтайлы көлемі кемінде 10 бет болуы тиіс. Бір интервал аралықта теріліп, параметрлері: жоғары жағы – 2; төменгі жағы – 2 оң жағы – 2; сол жағы – 2, болуы тиіс. Шрифт – 12, Times New Roman. Редакцияға мақалалар қағазға шығарылған үлгісі мен электрондық нұсқасында өткізіледі. Мақалаға барлық авторлардың қолы қойылады.
  7. Мақаланың аты мазмұнын ашып тұратын ұтымды болуы керек. Барлық мақала «Антиплагиат» бағдарламасынан өткізіліп, оның түпнұсқалық нәтижесі 75%-дан жоғары болғанда ғана жіберіледі.
  8. Журналда пайдаланылған әдебиеттерге реттік сілтемелік әдіс жүйесі қолданылады, мақаланың ішінде әдебиеттердің реттік нөмірі және сілтеме жасалынған беттер тік жақшамен көрсетіледі. Ол нөмір әдебиеттер тізіміндегі нөмірге сәйкес келуі тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде автордың аты-жөні, монографияның, жинақтың (мерзімді басылымның аты // (екі бөлшекпен) жазылады) аты, қаланың аты, шыққан баспасы, жылы, томы, нөмірі, еңбектің жалпы беті көрсетіледі.
  9. Мақала ғылыми этикаға сәйкес болуы керек. Сонымен қатар, мақалада Elsevier, Jstore, Thomson Reuters базаларының соңғы нұсқаларына кіретін әдебиеттерге міндетті түрде сілтеме жасалуы керек. Және «Ясауи университетінің хабаршысы» журналында жарық көрген мақалаларға да сілтеме жасалғаны жөн.
  10. Мақаланың мәтінінде сурет (иллюстрация) міндетті түрде ескеріледі, оларды орналастыру орны автордың қалауына сәйкес болады. Суреттер компьютерде орындалады. Барлық керекті әріптер мен таңбалар анық жазылуға тиіс. Сондай-ақ формулалар мен әріптік белгілер де компьютермен теріледі. Кестелер тақырыбымен нөмірленіп берілуі тиіс. Олар міндетті түрде мәтінде еске алынуы керек.
  11. Журналға жариялау үшін мақалалар Қазақстан Республикасындағы, Түркиядағы, сондай-ақ басқа да алыс-жақын шетелдердегі барлық ұйымдардан қабылданады.
  12. Мақаланың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы мәлімет авторға 2 ай көлемінде хабарланады.
  13. Ғылыми мақалалар университет ғалымдарының «жасырын» рецензиялау нәтижесінен және редакциялық кеңес шешімінен кейін өндіріске жіберіледі. Журналда жарияланған мақалалардың мазмұнына редакция жауап бермейді.

Қолжазбалар өңделеді және авторларға қайтарылмайды.

Мақала ақылы негізде жарияланады. Төлемақысы 15.000 (он бес мың) теңге.

E-mail: khabarshi.iktu@ayu.edu.kz