Мақалаға пікір жазу үлгісі

«Ясауи университетінің Хабаршысы» журналына ұсынылатын ғылыми мақалаға рецензия (пікір) жазу үлгісі

 

Ғылыми мақалаға жазылған рецензияда (пікірде) мына ақпараттар қамтылуы керек:

 

1.Мақаланың толық аты, мақала авторының аты-жөні, қызметі.

Үлгі:

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Б.Т.Қалымбетовтың «Дифференциалдық есептеулердің қолданысын үйренуде студенттердің  жобалау-зерттеу құзіреттілігін дамыту» атты мақаласына

РЕЦЕНЗИЯ

2.Мақала арналған мәселенің қысқаша баяндалуы

Үлгі:

Б.Т.Қалымбетовтың  мақаласы математикалық білім беру шартында проблемалық оқытуды, студенттің өз бетінше білім алудағы, практикалық іс-әрекеттерде біліктілігін жетілдірудегі белсенділігін арттыруға бағыттап түр өзгерту қажет. Бұған проблемалық болып табылатын, қазіргі кезде кең тарап және енгізіліп жатқан жобалау және зерттеу әдістері көмек көрсете алады. Бірақ, іс жүзінде, жобалау және зерттеу әркеттерін ұйымдастыруда да бірнеше проблемалық мәселелер бар.

3.Ұсынылған мақаланың өзектілік дәрежесі

Үлгі:

Мақалада дифференциалдық есептеулердің қолданыстарын оқыту процесінде студенттердің жобалау-зерттеу құзіреттілігін дамыту мәселелері қарастырылған.

4.Автордың мақалада ашқан неғұрлым маңызды аспектілері

Үлгі:

Студенттердің жобалау-зерттеу іс-әрекеттері қабілеттерін қалыптастыруды дамыту жоғары білім берудің негізгі мәселесі болып оқытудың барлық кезеңдерінде үздіксіз жүзеге асырылуы қажет. Авторлар бірнеше алгебралық және транценденттік қисық сызықтарды сызу арқылы жобалау-зерттеу іс-әрекетін дамыту моделін ұсынады.

5.Жариялауға ұсыну.

Үлгі:

Б.Т.Қалымбетовтың «Дифференциалдық есептеулердің қолданысын үйренуде студенттердің  жобалау-зерттеу құзіреттілігін дамыту» атты ғылыми мақаласы осы талаптардың бәріне сәйкестікте жауап бере алатындай жұмыс. Бұл мақаланы басылымға ұсынуға болады.  

6.Рецензенттің аты-жөні, ғылыми атақ-дәрежесі, қызметі, жұмыс орны, қолы, мөрмен расталуы.

 

Ескерту: Ғылыми мақаланы редакция алқасы (редакциялық кеңес) құрамына кірмейтін кемінде екі тәуелсіз ғалымның немесе тиісті тақырып бойынша маманның рецензиялауы керек.

Үлгінің бекітілген нұсқасы

САРАПТАУ ПАРАҒЫ