Мақаланы рецензиялаудың түрі мен тәртібі

 Журналдың редакциясына жіберілген барлық ғылыми мақалалар міндетті түрде қос (екі) жасырын тексеруден өтеді (рецензент қолжазбаның авторларын білмейді, қолжазба авторлары рецензенттерді білмейді).

1. Мақалаларға пікір беруді рецензенттер – ішкі және сыртқы/шетелдік ЖОО-дың тиісті білім және ғылым саласындағы жетекші сарапшылары жүзеге асырады. Мақаланы сараптау үшін нақты рецензентті таңдау туралы шешімді редактордың орынбасары, ғылыми басылымдар офисінің басшысы қабылдайды. Қарау мерзімі – 2-4 апта, бірақ рецензенттің өтініші бойынша оны ұзартуға болады.

2. Әрбір рецензент қолжазба материалдарын қабылдауға әсер ететін айқын мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда сараптаудан бас тартуға құқылы. Рецензент қолжазбаны қарау нәтижелері бойынша мақаланың одан әрі тағдыры туралы ұсыныстар береді (рецензенттің әрбір шешімі негізделген):

– жариялауға жарамды;

– жариялауға жарамсыз;

– кей жерлерін түзетіп, толықтырған жағдайда жариялауға болады.

3. Егер пікірде мақаланы түзету және түзету бойынша ұсыныстар болса, журналдың редакциясы рецензия мәтінін мақаланың жаңа нұсқасын дайындау кезінде оларды ескеру ұсынысымен авторға жібереді. Мақаланы түзетіп жіберу мерзімі авторларға электрондық пошта арқылы өзгертулер енгізу қажеттілігі туралы хабарлама жіберген сәттен бастап 1 айдан аспауы керек. Автор өңдеген мақала қайта қарауға жіберіледі.

4. Егер авторлар материалдарды қайта қараудан бас тартса, олар мақаланы жариялаудан бас тарту туралы редакцияға жазбаша немесе ауызша түрде хабарлауға міндетті.

5. Егер бір рецензенттен «жариялауға жарамсыз» деген шешім келсе, редакция қолжазбаны қосымша рецензиялауға жіберуге құқылы. Даулы жағдайларда шешімді бас редактордың орынбасары редакция кеңесінің отырысында қабылдайды.

6. Қолжазбаны жариялаудан бас тарту туралы шешім рецензенттердің ұсыныстарына сәйкес Редакциялық кеңес отырысында қабылданады. Редакцияның шешімімен жариялауға ұсынылмаған мақала қайта қарауға қабылданбайды. Жариялаудан бас тарту туралы шешім авторға электрондық пошта арқылы жіберіледі.

7. Редакциялық кеңес мақаланы жариялауға жіберу туралы шешім қабылдағаннан кейін, редакция бұл туралы авторға хабарлайды және жариялау уақытын көрсетеді.

8. Оң пікірдің болуы мақала жариялау үшін жеткілікті себеп бола алмайды. Жариялау туралы соңғы шешімді редакция кеңесі қабылдайды. Даулы жағдайларда шешімді бас редактордың орынбасары қабылдайды.

9. Пікірлердің түпнұсқалары журналдың редакциясында 3 жыл сақталады.