«Ясауи университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы туралы мәлімет

«Ясауи университетінің хабаршысы» журналы университеттің құрылтайшылығымен құрылып, 1996 ж. 8 қазанында Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінде тіркеліп, №232 куәлік берілген. Индексі №75637.

«Ясауи университетінің хабаршысы»  журналы экономика, педагогика, филология және медицина салаларының өзекті мәселелерін, жаратылыстану ғылымдарының заманауи проблемаларын іргелі және қолданбалы аспектілердегі зерттеу материалдарын, қазіргі инженерлік шешімдерді, сонымен бірге ғылым саласындағы батыл болжамдар мен пікірталастарды жариялайды.

Журнал 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Париж қаласындағы  ISSN орталығында тіркелген. ISSN 2306-7365.

«Ясауи университетінің хабаршысы» журналы 1997-2015 жылдар аралығында жылына 6 рет (қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары бойынша кезектесіп) екі айда бір рет жарық көріп тұрды. Таралымы 300 дана. Ал қазір журнал өз кезегімен барлық саланы қамти отырып, жылына 4 рет жарық көруде.

Журнал 2015 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Мерзімді баспасөз басылымы және ақпараттық агенттігіне қайта тіркеліп, №232-Ж куәлігі берілді.

«Ясауи университетінің Хабаршысы» журналы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті төрағасының 2018 жылдың 11 желтоқсандағы №1945 және 14 желтоқсандағы №1992 бұйрықтарына сәйкес Комитет ұсынатын ғылыми басылымдар тізіміне Философия, Тарих және Педагогика, Филология ғылымдары бағыттары бойынша енгізілді.

Журналға ғылыми мақалалар Қазақстан Республикасындағы, Түркия, Ресей, Өзбекістан, Қырғызстан сондай-ақ басқа да шетелдердегі барлық ұйымдардан төрт тілде (қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде) қабылданады.