Мақала тақырыбы зерттеу жұмысы мен оның мазмұнына толығымен сәйкес келуі керек. Журналдың негізгі мақсаты әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар саласындағы қолданбалы және іргелі зерттеулердің нәтижелерін жариялау, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және университеттің ғылыми бағыттары бойынша ақпараттарды алмасу болып табылады.

Журнал нөмірлерінің жалпы тақырыптары ғылыми басылымның негізгі бағыттары аясында редакциялық алқа, кеңес мүшелерімен, ғылыми редакторлармен келісіле отырып анықталады және Журналдың бас редакторының орынбасарымен бекітіледі.